31 қазан күні Ақсай қаласының №3 ЖОББМ базасында ауданымыздың ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларына арналған «Айқанат» пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың ашылуына «IQanat» білім беру қорының менеджері Темірғауық Дархан қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты—ауылдық жерлердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беру. «Айқанат» пән олимпиадасына мектебімізден Ирзигитова Адина, Кушаева Нарслу, Бактыгереева Жансая қатысып, өз білімдерін сынады. Мұнда қатысушылар математикалық сауаттылық, логикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілі пәні бойынша тест тапсырмаларын орындады.
