2025 жылдың 11 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне 36 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
2/11/2025
2025 жылдың 11 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне 36 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Шараға ауған соғысының ардагерлері Насыров Ришат Медхатович пен Танашыков Мухамеджан Дауленович қатысып, тақырып аясында әскери патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер қозғап, мектеп музейіне экскурсия жасады. Мектеп директоры Курмангалиева Акмарал Канесовна шара барысын қорытындылап, қонақтарға шараға атсалысқандары үшін алғыс білдірді.
Курмангалиева Акмарал Канесовна
Директор
Сіздерді өз тілектеріңізді, пікірлеріңізді қалдырып, соңғы оқиғалар туралы біле алатын блогыма қош келдіңіздер!